00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Amanat партиясының кандидаттары ел аралап жүр

01.04.2023 | 00:04
Елорда ақпарат
26

Астана қалалық мәслихатының депутаттығына Amanat-тың партиялық тізімі бойынша ұсынылған Алтыншаш Табулдина, Константин Коло, Ернар Жұматаев және Ерлан Дәкенов «Көктал» отбасылық дәрігерлік амбулаториясына барып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қалалық мәслихатының депутаттығынан үміткер, №5 емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина партияның cайлауалды бағдарламасында медицина саласы қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағы да кеңінен қамтылғанын атап өтті.

Қазір мемлекеттік үй қорынан медицина қызметкерлеріне кезекпен пәтер беру жағы қарастырылмаған. Есесіне, мемлекеттік түрлі бағдарламалар арқылы баспанаға қол жеткізуге болады. Оған кез келген сала мамандары қатыса алады. Сондай-ақ былтырлары бюджет саласы қызметкерлері пәтер сатып алу үшін 1 миллион теңгенің сертификаты берілетін болса, «аманаттықтар» енді сертификат сомасын 1,5-2 млн теңгеге дейін көтеруге және осы арнайы жобаға қатысушылар санын ұлғайтуға мүдделі, – деді Алтыншаш Табулдина.

Үміткер, сондай-ақ, биыл қалада медицина қызметкерлеріне арнап 100 орындық және әлеуметтік тұрғыдан осал қорғалған отбасылар үшін 250 орындық жатақхана салынатынын айтты.

Жергілікті мәслихат депутаттығы үшін сайлауға түсіп жатқан М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Ернар Жұматаев, «Egregor of Finance Sh.R.» ЖШС директоры Константин Коло, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның директоры Ерлан Дәкенов партияның алға қойған мақсаттарын айта отырып, өздерінің өкілетті органға қандай мақсатпен баратындарын түсіндірді. Жиынға келгендерді Amanat партиясы үшін дауыс беруге үндеді.

Одан кейін кейін қалалық мәслихат депуттығынан үміткерлер «Көктал» шағын ауданын аралап, дүкен-дүңгіршектерге бас сұғып, жұртшылықпен жүздесті, алдағы сайлауда белсенді болуға шақырды.

Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған Amanat партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Все новости