00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сайлау: 10 наурызда кезекті теледебат болады

01.04.2023 | 00:02
Елорда ақпарат
27

10 наурызда сайлауға қатысатын жеті партия өкілдері кезекті дебатқа қатысады, деп хабарлады Elorda.info.

Өткен жолы дебатты Qazaqstan ұлттық телеарнасы ұйымдастырған. Бұл жолы пікірсайыс КТК телеарнасында болады.

Бірқатар қазақстандық сарапшының сөзінше, алда келе жатқан Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарын сайлау соңғы 19 жылдағы ең қызықты саяси дода. Саяси шиеленістер жетерлік: мұнда жаңа партияларды, ойламаған жерден қосылған тұлғаларды және үлкен бәсекелестікті көруге болады. Сайлауға қатысты доданың финалына жеткен саяси ұйымдардың жетілігі сайлаушыларды несімен жаулайды? Осы жұмада КТК телеарнасы үлкен дебат кешін ұйымдастырады. Барлық партия тікелей эфирдегі дебатқа қатысып, сіздің бюллетеніңіздегі «таңдаймын» белгісіне қол жеткізу үшін барын салатын болады, - делінген КТК телеарнасы таратқан ақпаратта.

Все новости