00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Дауыс берушілер сайлау учаскесін қалай біле алады

01.04.2023 | 00:01
Елорда ақпарат
21

19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Сайлауға 12 күн қалды. Қазір кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Дауыс берушілер өз сайлау учаскесін sailau.gov.kz сайтынан біле алады.

Ол үшін сайлаушы сайтқа кіріп, тұратын аймағы мен ЖСН нөмірін енгізуі қажет. Содан кейін сайлау учаскесі туралы толық ақпарат шығады. Егер сайлау учаскесі шықпаса, дауыс берушіге қайда хабарласу керегі туралы ақпарат беріледі.

Ал Астана қаласының тұрғындары sailau.astana.kz сайтының қызметі мен арнайы телеграм ботты да (@sailau_astana_bot) пайдалана алады.

Телеграм бот ЖСН-ді енгізгеннен кейін сайлау учаскесінің мекенжайы мен сайлауға түсіп жатқан Мәжіліс және мәслихат депуттаттарының тізімін жібереді.

Все новости