00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Пікірталас партиялардың дайындығының жақсы деңгейін көрсетті – сарапшы

31.03.2023 | 23:53
Елорда ақпарат
14

Алдағы сайлау науқаны электорат үшін саяси бәсекелестік рухында өтеді деуге болады. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының электоралды үдерістерді зерттеу бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Жанар Санхаева айтып отыр, деп хабарлады ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Elorda.info.

Қазір сайлауалды науқанның екінші аптасы өтіп жатыр. Бұл кандидаттардың көбі өз бағдарламасын белсенді ілгерілетіп жатқанын көрсетеді. Интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерге көп көңіл бөлініп жатыр. Аталған құралдар кандидаттардың қоғаммен жұмыс істеуіне кең мүмкіндік береді. Тиімді әрі жылдам әрекет етуде, сайлауалды бағдарламалардың негізгі тезистерін жеткізуде әлеуметтік медианың пайдасы мол. Мысалы, кандидаттар тікелей эфир арқылы өз бағдарламаларын таныстыра алады. Алайда, мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін сайлауалды үгіт материалдарын таратып, үйді аралау технологиясы оң нәтиже береді, - деді Жанар Санхаева.

Сарапшының айтуынша, электоратқа партиялық бәсекелестік неғұрлым түсінікті әрі жақын. Бұл бір мандатты кандидаттарға өз округінің сайлаушыларымен белсенді жұмыс істеу қажеттілігін көрсетеді.

Пікірталас – дауыс берушілерге негізгі мәселелер бойынша кандидаттардың позициясын салыстыруға мүмкіндік беретін сайлау науқанының маңызды бөлігі. Сондықтан науқан барысында әртүрлі форматтағы пікірталастардың өтуі маңызды. Өткен пікірталас партиялардың дайындығының жақсы деңгейін көрсетті. Жалпы, дебат қорытындысы бойынша биыл сайлау жарысы электорат үшін саяси бәсекелестік рухында өтетінін атап өтуге болады. Барлық партия жеңіске жетуге мүдделі, - дейді ол.

Все новости