00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Ауыл» партиясының кандидаттары Семейде еңбек ұжымымен кездесті

31.03.2023 | 23:50
Елорда ақпарат
17

«Ауыл» партиясынан Абай облысы бойынша облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар облыс орталығы Семей қаласында «СемАЗ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info

2006 жылы құрылған «СемАЗ» ЖШС Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мен коммерциялық жүк техникасының отандық өндірушісі.

Бүгінде кәсіпорында 400-ден астам адам жұмыс істейді. «Ауыл» партиясынан түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттармен кездесуге партия белсенділерімен қатар жүзге жуық жұмысшы қатысты. Жергілікті мәслихаттарға кандидаттар жиынға қатысушыларға «Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасының бағыттарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Ауыл» партиясы елді аграрлы-индустриялы державаға айналдыруды көздейді. СемАЗ сияқты отандық зауыттардың пайда болуы, техникаларды жинастыруды қолға алуы жақын болашақта өз техникамыздың пайда болатынының алғышарты. «СемАЗ» кәсіпорнының жұмысы – өте маңызды жұмыс. Бұл көпке үлгі. Зауытта еңбек адамы, оның ішінде қоғам қозғаушысы – жұмысшылар қалыптасуда.  Біз еңбек адамына ерекше құқықтық мәртебе беруге қол жеткізу үшін күресеміз, - деді жиналғандар алдында сөз алған «Ауыл» партиясынан жергілікті мәслихатқа кандидат Серік Байғалиев. 

Жиын барысында кандидаттар жұмысшылар сауалына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Жиыннан кейін кәсіпорын жұмысшылары «Ауыл» партиясының құрметіне бүйіріне партияның сайлаудағы «Ауыл – төрге шықсын!» басты ұраны жазылған 8 самосвалды конвейерден шығарды. 

Все новости