00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Baytaq: Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Ақтаудағы полигонның бас жоспарымен танысты

31.03.2023 | 23:50
Елорда ақпарат
42

Baytaq партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Жанат Саматқызы және Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Серик Гусман Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан полигонның бас жоспарымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының барлық қатты тұрмыстық қалдықтары осында тасымалдануда. Полигонда техника мен қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі байқалады. Жалпы өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналысатын кәсіпорындар саны 20-дан асады.

Қоқыс полигоны 2016 жылы пайдалануға берілген. Алғашында «Көктем» МКК балансында болды. Қазіргі уақытта полигон орналасқан жер учаскесі «Маңғыстау жылу» МКК қарайды. Ал тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау және сұрыптауды жеке кәсіпкермен жасақталған келісімшарт негізінде жүргізіледі. Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданына қарасты Батыр, Атамекен, Баянды, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылынан күніне 1000-1300 куб қоқыс жеткізіледі. Жеткізілген қалдықтардың 70% қайта өңдеуге жіберілсе, қалған 30% жарамсыз қоқыс күйінде қалып отыр, – делінген хабарламада.

Маңғыстау өңірінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеудің тұтас инфрақұрылымын құру, сондай-ақ полигондарды нормативтік талаптарға сай етіп жасақтау әзірге тек қағаз күйінде қалып тұр.

Все новости