00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ЖСДП кандидаты Түркістан облысының сайлаушыларымен кездесті

31.03.2023 | 23:49
Елорда ақпарат
24

ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Абдукамал Әшімбеков «Кентау Трансформатор зауыты» АҚ жұмыскерлерімен, сонымен бірге Түркістан облысы сайлаушыларымен үгіт-насихат кездесуін өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында кандидат жиналған қауымға партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын баяндады.

Атап айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында жаңа Еңбек кодексін қабылдау туралы тармақ бар екенін атап өтті: аталмыш құжатта еңбек шарттарын жасасу кезінде жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің толық теңдігі қамтамасыз етілетін қағидат бар. Сонымен бірге Абдукамал Әшімбеков өз сөзінде жастарды жұмысқа орналастыру бойынша аталмыш өңірдің артта қалып жатқандығына тоқталды.

Все новости