00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сарапшы биылғы сайлаудың ерекшелігі туралы айтты

31.03.2023 | 23:48
Елорда ақпарат
16

Биыл 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Қазіргі сайлаудың басты ерекшелігі – аралас сайлау жүйесі бойынша өткізу және ұйымдастыру. Енді аралас жүйе бойынша мәжіліс те, барлық деңгейдегі мәслихаттар да құрылатын болады. Парламенттің төменгі палатасына депутаттардың 70%-ы партиялық тізімдер бойынша, ал 30%-ы мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Мұндай пікірді Президент жанындағы ҚСЗИ электоралды үдерістерді зерттеу бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Жанар Санхаева айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының мәслихаттары 50 де 50 қатынасы бойынша құрылатын болады. Ал аудандық мәслихаттардың құрамы өз кезегінде бір мандатты депутаттардан тұратын болады.

Жаңартылған сайлау жүйесі бойынша сайлаудан басқа, ағымдағы науқан Парламенттің болашақ құрамының қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін бірқатар қосымша мүмкіндікті қамтиды.

Біріншіден, Бұл - 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілген сайлау шегі. Бұл шарт барлық саяси партиялардың парламенттің төменгі палатасына, оның ішінде жаңа партияларға өту мүмкіндігін теңестіреді.

Екіншіден, Парламенттің жаңа құрамын қалыптастыруға әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квотаның жаңартылған нұсқасы да әсер етеді. Бұл жолы оған мүгедектігі бар адамдар да кіреді. Бұл квоталау Мәжілістегі орындарды бөлу кезінде де ескерілетін болады.

Үшіншіден, Парламенттегі орындарға 7 саяси партия таласады. Айта кетейік, олардың екеуі жаңа партия. Бұл саяси партияларды тіркеудің жаңа ережелерінің арқасында іске асты, - деді Жанар Санхаева.

Сарапшының пікірінше, осылайша, барлық анықталған факторлар электораттың сайлау науқанына қатысуға жағдай жасап, сайлау процесі кезінде азаматтардың саяси белсенділігінің өсуіне ықпал етеді.

Все новости