00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Сайлау: Елімізде саяси жаңғыру ауқымды жүріп жатыр – басқарма басшысы

31.03.2023 | 23:34
Елорда ақпарат
25

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов депутаттар сайлауы жөнінде пікір білдіріп, елімізде саяси жаңғыру ауқымды жүріп жатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде саяси жаңғыру ауқымды жүріп жатыр. Осы орайда азаматтардың саяси белсенділігі де артып келеді. Бұл – ең алдымен өз өмірімізді ғана емес, жалпы ел өмірін дамытуға деген жауапкершілік - деді ол.

Сондай-ақ Тимур Мұратовтың айтуынша, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы – саяси құрылымды қайта құрудың бірден-бір жалғасы.

Әділдік пен ашықтықты өзгеден талап етпес бұрын өзімізден бастау керек. Азаматтардың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндік туды. Шынайы бәсекелестік болған жерде тұрғындар тарапынан саяси мәдениет те болғаны дұрыс. Жаңа құрам бұдан да жоғары көрсеткіш пен жаңашылдық әкеледі деп сенемін, - деді елорданың бас дәрігері. 

Все новости