00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бас прокуратура екі кандидаттың Сайлау туралы заңнаманы бұзғанын анықтады

31.03.2023 | 23:23
Елорда ақпарат
24

Парламент Мәжілісінің депутаттығына жекелеген кандидаттарды әкімшілік жауапкершілікке тарту және 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы Бас прокурордың ұсынысын қарау туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info ОСК ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырысты аша отырып, Нұрлан Әбдіров сайлау науқаны аясында 21 ақпаннан бастап аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің өңірлерге инспекциялық сапарлары басталғанын айтты.

Төрағаның орынбасары Константин Петров пен ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина іс-сапарда жүр. Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясының қызметінде жедел қарауды талап ететін мәселелер туындап отыр.

Бүгінгі отырысқа Орталық сайлау комиссиясының 5 мүшесі қатысты. Қажетті кворум бар.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау туралы заңнаманы бұзғаны туралы Бас прокурор 2 ұсыныс енгізгенін хабарлады.

Мұндай жағдайларда Сайлау туралы Конституциялық заңның 47-бабының нормаларында Парламент депутаттығына кандидаттар Орталық сайлау комиссиясының келісімімен олар тіркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін, сондай-ақ оларды Парламент депутаттары ретінде тіркегенге дейін сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларына тартылуы көзделген.

Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Азамат Сарғазин Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 47-бабының 3-тармағына сәйкес Бас прокурордың оған тыйым салу кезеңінде сайлау алдындағы үгітті жүргізгені үшін Парламент Мәжілісі депутаттығына екі кандидатты әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы ұсынысы енгізілгенін хабарлады. ОСК тиісті қаулы қабылдады.      

Екінші мәселе бойынша Ортсайлауком хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Ол бүгінгі күнге дейін 11 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 97 байқаушы аккредиттелгенін хабарлады.

Бүгін аккредиттеуге 5 шет мемлекеттен 14 байқаушының кандидатуралары ұсынылды: Ұлыбританиядан, Иран Ислам Республикасынан және Қытай Халық Республикасынан 2 кандидатура, сондай-ақ Словакия Республикасы мен Эстония Республикасынан 3 кандидатура. ОСК ұсынылған кандидатураларды аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.

 

Все новости