00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Депутаттыққа үміткерлерге 950 мың теңгеден бөлінеді

31.03.2023 | 23:09
Сабина Кәкімжан
15

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгітті жүргізуге жұмсайтын шығыстарының мөлшерін бекітті, деп хабарлады Elorda.info.

Осы мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина баяндама жасады.

Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік беретінін хабарлады.Қаражат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін партиялық тізімдер бойынша кандидаттардан басқа шығыстар мөлшері 950 мың теңге көлемінде белгіленеді. Оның 450 мың теңгесі теледидардан және радиодан бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа және/немесе желілік басылымдарында 2 мақала жариялауға, 300 мың теңгесі сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға, 200 мың теңгесі көлік шығыстарына арналған, - деді С.Мұстафина.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар үшін партиялық тізімдер бойынша кандидаттардан басқа 550 мың теңге көлемінде шығыстар мөлшері белгіленеді. Оның ішінде: 350 мың теңге - теледидардан және радиодан бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа және/немесе желілік басылымдарында 2 мақала жариялауға, 130 мың теңге - сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға, 70 мың теңге - көлік шығыстарына.

Қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін шығыстар мөлшері 350 мың теңге көлемінде белгіленеді. Оның ішінде: теледидардан және радиодан бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа және/немесе желілік басылымдарында 2 мақала жариялауға - 200 мың теңге, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға - 100 мың теңге және көлік шығыстарына - 50 мың теңге.

Аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін 350 мың теңге көлемінде шығыстар мөлшері белгіленеді. Оның ішінде: теледидарда және радиода бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа және/немесе желілік басылымдарында 2 мақала жариялауға - 200 мың теңге, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға - 100 мың теңге және көлік шығыстарына - 50 мың теңге.

Все новости