00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Кандидаттар арасында 10 этностың өкілдері бар – ОСК

31.03.2023 | 23:09
Сабина Кәкімжан
21

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды бірмандаттық округтер бойынша тіркеу қорытындылары туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады, деп хабарлады Elorda.info ОСК сайтына сілтеме жасап.

Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 359 кандидат (82,53%), саяси партиялардан 76 кандидат (17,47%). Тіркелген кандидаттардың 350 немесе 80,46%-ы ерлер, 85 немесе 19,54%-ы әйелдер. Орташа жасы - 49, 34 жас. Кандидаттар арасында 10 этностың өкілдері бар.

Аудандық сайлау комиссияларының ұсынылған мәліметтерінің негізінде ұсынылған 609 кандидаттың 45-і тіркелгенге дейін жеке өтініштері негізінде алынып тасталғаны, 435 кандидаттың тіркелгені, 125 кандидатқа тіркеуден бас тартылғаны және 4 кандидаттың тіркелуі жойылғаны анықталды, - деді орынбасар.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтеріне сәйкес бір мандатқа 10 288 кандидат немесе 3-тен астам адам тіркелді: облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың 334 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттарға 1451 кандидат тіркелді, қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша 2 114 кандидат, аудандық мәслихаттарға 6 723 кандидат тіркелді.

6 359 кандидат немесе 61,81% өзін-өзі ұсыну тәртібімен, 3 929 кандидат немесе 38,19% әртүрлі саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер.

Тіркелген кандидаттардың 7 494 немесе 72,84%-ы ер адамдар, 2 794 немесе 27,16%-ы әйелдер. Орташа жасы – 42, 64 жас. Кандидаттар арасында 39 этностың өкілдері бар.

Все новости