Аралас сайлау жүйесі, әсіресе, аймақтар үшін тиімді – сарапшы
![](/img/articles/uploads/63ea171199da1529682784_7a0a24f1b4.jpeg)
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина алда келе жатқан үлкен дода – Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Ол бұл пікірін Алматыда өткен КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat Ұлттық сараптама алаңының отырысында айтқан.
Биыл ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы аралас сайлау жүйесімен жүзеге асады. Оның өзіндік ерекшелігі, артықшылығы және қиыншылығы бар. Бұл тәжірбиені Қырғызстан мемлекеті көп жылдан бері қолданып келеді. Сондықтан біз әріптестерімізбен осы тақырыпты кеңінен талқыладық. Жалпы, әлемнің көптеген мемлекеті, Парламенттік республикалардың көбі аралас сайлау жүйесін қолданады. Оның өзіндік тиімділігі бар. Әсіресе, аймақтар үшін. Себебі, аймақтан өзінің өкілі болады. Бұл саяси партиялардың да бәсекелестігін арттырып, жұмысын жандандыруға және аймақтардың өкілі ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - дейді Алуа Жолдыбалина.
Сондай-ақ сарапшы 29 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланатынын еске салды.
Бір мандаттық округтер бойынша барлығы 609 кандидат ұсынылды. Олардың бәрімен жеке-жеке жұмыс істеу мүмкін емес. Яғни бұл жерде кандидаттардың өз еркінде. Заң шеңберінде үгіт - насихат жұмыстарын жүргізеді. Партиялардың тізімінде азырақ - 283. Сондықтан бір мандаттық аумақтық округтің ішінде үлкен бәсекелестік, тартыс болады. Әсіресе, Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Алматы облыстарында өзін өзі ұсынған кандидаттардың саны өте көп. Сондықтан бір мандаттық аумақтық округтің ішінде қызу тартыс болады, әркім өз бағдарламасын ұсынғандықтан бәсеке де қызады, - дейді Алуа Жолдыбалинова.
Оның айтуынша, алдағы сайлау мәслихатқа үлкен өзгеріс әкеледі.
Себебі, ауданға өткен депутат өзінің жұмысын толыққанды атқара алмаса, сайлаушылар өздерінің шағымдарын бере отырып депутат мандатын кері қайтара алады. Облыста да солай. Бұл өте тиімді механиз. Бұл қоғам тарапынан бақылау механизмі, - деді сарапшы.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)