00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Орталық сайлау комиссиясы тағы 12 байқаушыны тіркеді

31.03.2023 | 22:55
Елорда ақпарат
22

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына тағы 12 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

2023 жылғы 20 қаңтарда халықаралық байқау институты ашылғаннан бері Орталық сайлау комиссиясы 3 шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 62 байқаушыны ресми тіркеуден өткізген болатынбыз. Бүгінгі таңда Сыртқы істер министрлігінен 3 шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 12 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды. Атап айтсақ, Корея Республикасы, Қырғыз Республикасынан 1 байқаушыдан, ТМД-ның байқаушылар миссиясынан 7, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 2 байқаушы ұсынылды, - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман комиссия отырысында.

Оның атап өтуінше, 10 ақпанда ОСК-ге 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына тіркеуден өткен ДИАҚБ миссиясының 2 мүшесі байқауға қатыса алмайтындығын мәлімдеген және Сыртқы істер министрлігінен оларды тізімнен алып тастау туралы ұсыным келіп түскен.

Осыған байланысты ДИАҚБ миссиясының 2 байқаушысының тіркелуін кері қайтарып алу туындап отыр, - деді ол.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған байқаушыларды тіркеу және 2 байқаушының тіркелуін қайтарып алу туралы қаулы қабылдады.

Все новости