00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мәжіліс депутаттығына қанша кандидат ұсынылғаны айтылды

31.03.2023 | 22:51
Елорда ақпарат
21

Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына 609 кандидат ұсынылды, оның 525-і өзін-өзі ұсынған, деп хабарлады Elorda.info.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Мәжіліс 98 депутаттан тұратынын, оның 69-ы партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты аумақтық округтерден сайланатынын айтты.

Сайлауға жеті саяси партияға қатысуға рұқсат етілген.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 8 ақпан 18.00-де аяқталған болатын.

ОСК мәліметінше, 7 партиялық тізім мәжіліс депутаттығына 283 кандидат ұсынылды:

1. «Қазақстан халық партиясы» - 52 кандидат;

2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы - 54 кандидат;

3. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 25 кандидат;

4. Amanat партиясы - 90 кандидат;

5. Respublica партиясы - 25 кандидат;

6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 19 кандидат;

7. «Байтақ» жасылдар партиясы - 18 кандидат.

Петров бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылғанын айтты. Оның ішінде 79 кандидат жеті саяси партиядан, бес кандидат төрт қоғамдық бірлестіктен, 525 кандидат өзін-өзі ұсынған кандидаттар.

Все новости