«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына түсетін кандидаттарының құжаттарын ОСК-ға тапсырды
![](/img/articles/uploads/63e45c2ec265e893166604_c2db9a3070.jpg)
«Ауыл» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетін кандидаттарының құжаттарын ҚР Орталық сайлау комиссиясына тапсырды, деп хабарлады Elorda.info.
Партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде Мәжіліс сайлауына бір мандатты округтер бойынша түсетін 9 үміткер ұсынылды. Олардың бәрі – өте мықты және беделді кандидат. Топ басында 2019 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде қатысып, бақ сынаған Төлеутай Рақымбеков тұр. Экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Сатайұлының өндірісте де, басшылық лауазымда да үлкен, мол жұмыс тәжірибесі бар. Бүгінде ол «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары. Төлеутай Рақымбеков өз құжаттарын Астана қаласының № 2 сайлау округіне тапсырды.
Қалған 8 үміткер де өте мықты, бұқараға айтары бар беделді адамдар. Бәрі нақты сектордан, негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінен шыққан. Экономикада өздерінің нақты орындары бар жандар.
Партияның облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарына кандидаттар бір мандатпен және партиялық тізім бойынша тіркелді.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)