00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналықтар өз сайлау учаскелерін қалай анықтай алады

31.03.2023 | 22:48
Елорда ақпарат
20

Қазақстанда 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Елорда тұрғындары өз сайлау учаскелерін бірнеше тәсіл арқылы біле алады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана қаласының әкімдігі сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі тәсілдер арқылы алуға мүмкіндік береді:

  1. Веб-қызмет: sailau.astana.kz;
  2. Тelegram-дағы чат-бот: sailau astana_bot;
  3. Smart Astana мобильді қосымшасын жүктеп алу;
  4. іKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша қоңырау шалу.

Азаматты дауыс берудің нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, аталған учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болып саналтынын атап өту маңызды. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) жүгіну қажет: Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару. 

Все новости