00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Референдумнан кейін Сенаттың өкілді рөлі күшейтілді – сарапшы

31.03.2023 | 22:34
Елорда ақпарат
32

Бұл туралы Президент жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сенат сайлауы 2022 жылы басталған саяси үдерістің маңызды бөлігі. Парламенттің Жоғарғы палатасының жаңарған құрамының қалыптасуы саяси жүйені қайта жаңғырту жолындағы тағы бір қадам болды.

Сенат сайлауы жергiлiктi және республикалық деңгейдегi өкiлдi органдар арасындағы байланыстылықты көрсететінін ерекше атап өткен жөн. Мәслихат депутаттары Сенат депутаттарын сайлайды. Бұл – халық өкілдерін біртұтас заң шығарушы билік жүйесіне байланыстыратын маңызды тетік.

Конституциялық реформа мен референдумнан кейін Сенаттың өкілді рөлі күшейтілді. Енді Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілетті мүшелері сенатор мәртебесін алып, Сенаттағы президенттік квотаның бір бөлігі болды, ол өз кезегінде 10 адамға дейін қысқарды.

Әр облыстан және республикалық маңызы бар қаладан 2 сенатор сайланады. Бұл Парламенттің Жоғарғы палатасында аймақтардың тең өкілдігін алуға мүмкіндік береді. Осылайша, Сенат біртұтас мемлекеттегі аймақтардың теңдігін және әрбір аймақтың мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға қатысуын білдіреді, – дейді ол.

Все новости