00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

ОСК Президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады

31.03.2023 | 20:27
Елорда ақпарат
27

Орталық сайлау комиссиясы отырысында кезектен тыс Президент сайлауының түпкілікті қорытындысы шықты, деп хабарлады Elorda.info.

ҚазАқпарат жазғандай, ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс бергенін айтқан.

Ал «Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған.

Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42 пайыз, Қарақат Әбденге 206 мың немесе 2,6 пайыз, Мейрам Қажыкенге 200 907 немесе 2,53 пайыз, Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22 пайыз және Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12 пайыз дауыс берілген.

Нақтыланған сайлаушылар тізімдеріне сай, жалпы сайлаушылар саны 11 млн 953 мың 465 адам болған. Оның 8 млн 300 мың 46 адамы немесе 69,44 пайызы дауыс беруге арналған бюллетендерді алған. Дауыс беру күні президенттікке кандидаттардың 11 мыңнан аса сенім білдірген адамы, шетелдік халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардың 15,5 мыңнан аса байқаушысы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан аса байқаушы сайлауды бақылаған. Сайлау учаскелерінде 1225 қазақстандық БАҚ өкілдері, 23 елдің 41 шетелдік БАҚ-тың аккредиттелген журналистері ақпарат таратты.

Айта кетейік, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Ал шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанында 68 учаске құрылған.

Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мың адам өз таңдауын жасады.

Осылайша, сайлаудың кеше жарияланған алдын ала қорытындылары ресми келіп түскен хаттамалармен расталды. ҚР-дағы сайлау туралы Конституцилық заңның 9-бабы 1-тармағына, 65-бабына сәйкес, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 пайыздан астамының дауысын алған кандидат республика Президенті болып саналады. Осылайша, 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды, - деді Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік, Президентті ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.

 

Все новости