00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Түркиялық байқаушы сайлау барысына көңілі толатынын білдірді

31.03.2023 | 20:27
Елорда ақпарат
30

Президент сайлауында дауыс берушілер жоғары белсенділік көрсетті, бұл қазақстандықтардың азаматтық ұстанымының жоғары деңгейін байқатады. Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы миссиясының жетекшісі, Түркия ұлттық жоғары мәжілісінің мүшесі Ерол Кай осындай пікірде, деп хабарлады Elorda.info

Мен және әріптестерім байқаушылар ретінде Қазақстанға сайлау алдында келіп, жұмыс істей бастадық. Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің төрағаларымен кездестік. Президенттікке үміткерлермен де тілдесіп, олардың қандай қиындықтармен кездесіп жатқанын, оларға қандай қолдау көрсетіліп жатқанын білдік. Біздің миссия тобы елдегі сайлаудың барысы туралы барлық ақпаратпен қамтамасыз етілді, – дейді шетелдік байқаушы. 

Сайлау күні Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы миссиясы сайлау учаскелерінің ашылу сәтін бақылады. Ал дауыс беру аяқталған соң жәшіктердегі дауыс беру парақтарының қалай саналғанына куә болған.

Біздің делегация негізінен өте тәжірибелі депутаттардан құралған. Сондықтан олар рентген сияқты, кез келген ұсақ-түйекті қалт жібермейді. Менің ойымша, электоралды кампания кезінде үміткерлердің ешқайсысы өздерінің құқығына қатысты қандай да бір кемсітушілік сезінген жоқ. Сайлау барынша ашық, барлық қатысушылардың тең жағдайында өтті, – деді ол.

Все новости