00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстанда сайлау қалыпты өтті – Андре Марсель Рейшар

31.03.2023 | 20:26
Елорда ақпарат
34

Халықаралық байқаушы 8 сайлау учаскесін аралаған, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстан дәл қазір дамудың өте маңызды кезеңінде тұр деп есептейді Франция сенаторы, Еуропа істері жөніндегі тұрақты комитет төрағасының орынбасары Андре Марсель Рейшар. Ол еліміздегі сайлау науқанының өту барысын бақылауға келген 600 халықаралық байқаушының бірі. Саясаткер 8 сайлау учаскесіне бас сұғып, сайлаудың өту барысын жіті қадағалаған. 

Мен сайлау процесінің өту барысын қалыпты деп бағалаймын, барлығы штаттық режимде өтуде. Процесс стандартты қадамдардан тұрады: сайлаушы келеді, жеке куәлігін көрсетеді, жергілікті сайлау комиссиясы оны сайлаушылар тізімінен табады, сосын ол қол қояды, тек сосын ғана оған жалғыз сұрағы бар бюллетень беріледі. Ең бастысы, «бір сайлаушы – бір дауыс» деген негізгі принципті ұстануға барлық жағдай жасалған, – деді ол.

Все новости