00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сайлау-2022: қазақстандықтардың көбі қай елдерде дауыс берген

31.03.2023 | 20:25
Елорда ақпарат
14

Шетелде жүрген 11 360 қазақстандық кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді. Бұл туралы бүгін СІМ-де өткен баспасөз брифингі барысында Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, сайлаушылардың белсенділігі жоғары болған. 53 мемлекетте Қазақстан мекемелері жанынан 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған болатын. Сайлаушылар тізіміне 12 841 адам енгізілген.

Шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Шетелдегі қазақстандықтар арасында дауыс беруде жоғары белсенділік байқалды. Қазақстанның 11 360 азаматы дауыс берді, бұл дауыс берушілердің 88,47%-і келгенін көрсетеді, - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, қазақстандық сайлаушылардың көпшілігі – 2600 азамат Ресейде дауыс берген. Сайлаушылар саны жағынан екінші орында Түркия тұр. Онда 1423 қазақстандық өз таңдауын жасаған. Үшінші орында –  Өзбекстан, көрші елде 591 адам сайлау учаскесіне барған.

Смадияров кейбір елдерде дауыс беруге келген қазақстандықтарға, тіпті бюллетень жетпей қалғанын айтты. Өйткені отандастарымыз сайлау күні сол елде болатынын алдын ала ескертпеген.

Все новости