00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Сайлау астаналықтар үшін мереке ретінде қабылданғаны сезіліп тұрды – Вагаршак Акобян

31.03.2023 | 20:24
Елорда ақпарат
24

ТМД байқаушылар миссиясының мүшесі Вагаршак Акобян президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info

Оның айтуынша, астаналықтардың отбасымен келіп дауыс беріп жатқанының куәсі болған.

Біздің байқаушылар сайлау күні учаскелердің ашылуынан бастап дауыс санауға дейінгі барлық кезеңіне қатысты. Бірден басын ашып айтатын нәрсе – бақылаушыларға еш жерде ешқандай кедергі болған жоқ. Талап етілген нәрселер жергілікті сайлау комиссияларының мүшелері тарапынан лезде қамтамасыз етіліп отырды. Азаматтардың қатысу белсенділігі жоғары болды және дауыс беру процесі барынша еркін өтті. Біз өзіміз Астанада көптеген сайлаушының балаларымен, отбасымен бірге келіп, дауыс беріп жатқанының куәсі болдық. Яғни бұл астаналықтар үшін мереке ретінде қабылданғаны сезіліп тұрды. Бұл сайлаудан сіздер күштірек бола түстіңіздер, – деді ол. 

Все новости