00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада күн суық болғанына қарамастан, қала тұрғындары патриоттық танытты – байқаушы

31.03.2023 | 20:24
Елорда ақпарат
34

ТМД байқаушылар миссиясының мүшесі Бахтиер Худоерзода (Тәжікстан) сайлау комиссияларының жұмысы өте тыңғылықты ұйымдастырылғандығын жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Ең алдымен атап өтетін нәрсе – Орталық, аумақтық және жергілікті сайлау комиссияларының жұмысы өте тыңғылықты ұйымдастырылған. Міне, осының арқасында халыққа өзінің қалаған үміткеріне дауыс беруге, өзінің азаматтық таңдауын жасауға, ел келешегі үшін үн қосуға барлық мүмкіндіктер жасалған, барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етілген. Мәселен, Астананың суық ауа райына қарамастан қала тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, патриоттық танытты. Мұның барлығы сайлау комиссияларының мақсатты түрде жұмыс істеп, ел бойынша кең көлемді ақпараттық кампанияның сәтті жүргізілуінен деп тұжырым жасауға болады, – деді ол.

Все новости