00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астана және оның маңындағы учаскелерде заң бұзушылық байқалмады – Лебедев

31.03.2023 | 20:24
Елорда ақпарат
25

ТМД байқаушылар миссиясының жетекшісі Сергей Лебедев (Ресей) сайлау учаскелері өз міндетін жоғары деңгейде атқарып шыққандығын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Біздің Миссия байқаушылары 27 қазаннан бері бір айға жуық уақыт сайлауға дайындық жұмыстарын бақылады. Ал сайлау қарсаңында ТМД құрамындағы тағы 9 мемлекеттен байқаушылар келіп қосылды. Сайлау барысында Қазақстан бойынша Миссия құрамындағы 174 байқаушы мыңнан астам учаскелерде жұмыс істеді.

Мен өзім Астанадағы және Астана маңындағы ауылдардардағы біраз учаскелерге бас сұқтым. Біздің бағалауымыз бойынша барлық сайлау учаскелері өз міндетін жоғары деңгейде атқарып шықты. Бұған кешегі сайлаудың барынша тиянақты, ашық және демократиялық талаптарға сай өткендігі куә. Әрине, кейбір сайлаушылардың бір ғимаратта орналасқан учаскелерді шатастырып алған жағдайлары кездесті, бірақ учаскедегі комиссия мүшелерінің жоғары біліктілігі мен ұйымдастырушылық дайындығының арқасында мұндай ұсақ-түйек кем-кетіктер тез шешімін тауып жатты, – деді С.Лебедев.

Все новости