00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Нұрсұлтан Назарбаев Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

31.03.2023 | 20:23
Елорда ақпарат
17

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info Тұңғыш президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын!

Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі.

Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін, - деп жазылған Тұңғыш Президенттің құттықтауында.

Все новости