00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Президент сайлауы: Алғашқы Exit poll нәтижесі белгілі болды

31.03.2023 | 20:23
Елорда ақпарат
23

Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу институты жүргізген Еxit poll нәтижесі бойынша 20 қарашадағы кезектен тыс Президент сайлауында дауыс бергендердің 82,45 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Qazaqstan» ұлттық арнасында кезектен тыс Президент сайлауының алғашқы Exit poll нәтижесі жарияланды.

«Ашық қоғам» өңірлік институтының өкілдері Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізіп, «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген сауал қойған.

Сонымен, Exit-poll нәтижесі мынадай:

Қасым-Жомарт Тоқаев —82,45%;

Мейрам Қажыкен —2,23 %;

Жигули Дайрабаев — 3,33%;

Қарақат Әбден — 2,54%;

Салтанат Тұрсынбекова — 2,08%;

Нұрлан Әуесбаев — 2,17%;

Бәріне қарсымы – 5,12%.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.  астамы

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.

Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 68 учаскенің бірнешеуі қазіргі уақытта жұмысын аяқтады.

Сайлау күнінде Сан-Францискодағы сайлау учаскесі соңғы болып жұмысын бастады.

 

 

Все новости