00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Халықаралық байқаушылар сайлауға жоғары баға берді

31.03.2023 | 20:22
Елорда ақпарат
14

Кезектен тыс Президент сайлауында 641 халықаралық байқаушы жұмыс атқарды, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 мәліметінше, олар кез келген сайлау учаскесіне кіріп саяси науқан барысын қадағалады. Меймандар, әсіресе, қазақстандықтардың белсенділігіне риза.



Таңертеңнен бері 8 сайлау учаскесінде болдым. Әріптестеріммен сөйлесіп, сайлаушылармен әңгімелестім. Халық саяси науқанның маңыздылығын жақсы түсінеді. Әсіресе мені қазақстандықтардың белсенділігі таң қалдырды. Халық учаскелерге бала-шағасымен келіп дауыс беріп жатыр. Бұл кейінгі өскелең ұрпаққа бала кезінен берілген тәрбие деп түсіндім. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған, - деді Хорватия Республикасы Парламенті төрағасының орынбасары Даворко Видович.

Все новости