00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елді тек мейірімді және адал адамға сеніп тапсыруға болады – Олимпиада чемпионы

31.03.2023 | 20:21
Елорда ақпарат
6

2012 жылғы бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің кандидатына дауыс беру үшін №113 сайлау учаскесіне келді, деп хабарлады Elorda.info.

Спортшы болашақ Президенттің жеке қасиеттеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Мен өзімнің азаматтық парызымды орындадым. Сайлаудан енді әділетті Қазақстан күтемін, сондай-ақ халыққа әлеуметтік көмек берілуін күтемін. Бағдарламада кей кандидаттарда әлеуметтік көмек бар, жастарға арналған, басқа адамдарға арналған көмектері көп. Сондықтан мен жарқын болашақты күтемін, – деді ол.

Сондай-ақ Олимпиада чемпионы президенттікке кандидаттың мінезіне ерекше назар аударатынын жеткізді. 

Мен үшін кандидаттың мінезі өте маңызды, өйткені елді тек мейірімді және адал адамға сеніп тапсыруға болады. Бұл – ең бастысы. Ал сайлау алдындағы бағдарлама тұрғысынан қарасам, республикалық қоғамдық штабтың мүшесі ретінде, балалар мен жастарға арналған әлеуметтік бағдарламаларға назар аударамын, - деді Серік Сәпиев.

Дана Амангелді 

Все новости