00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ғарифолла Есім: Біз – болашақтан үміт күткен адамбыз

31.03.2023 | 20:21
Сабина Кәкімжан
27

Бүгін Астанада академик Ғарифолла Есім кезектен тыс президенттік сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Академик денсаулығына байланысты үйде дауыс берді. Мұнда қаладағы №120 сайлау учаскесінің өкілдері келді.

Қазақ халқы – дана халық. Ол бүгін өзінің тарихи таңдауын жасауда. Халық қателеспейді. Ендігі сайланатын президентіміз мықты  болуы керек. Қазір бізге мықты президент керек. Халқымызға көшбасшы болсын деген тілегім бар. Осы сайланатын президентке ақ жол тілеймін. Өзінің халқымен көркем істері және жақсылығы мол болсын. Біз  – болашақтан үміт күткен адамбыз. Сол болашақтың шамын сайланатын президент жағады деп ойлаймын, - деді Ғарифолла Есім.

Все новости