00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қызылорда облысында дүниеге келген сәбиге Қасым-Жомарт есімі қойылды

31.03.2023 | 20:21
Елорда ақпарат
30

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында президенттік сайлау күні Қорғанбаевтар отбасында ұл бала дүниеге келді, деп хабарлады Elorda.info kyzylorda-news сайтына сілтеме жасап.

Ол – отбасының төртінші перзенті. Осылайша, саяси науқан сәтінде дүниеге келген сәбиге атасы Жұматай Қорғанбаев Қасым-Жомарт деп ат қойыпты.

Елдің қамын ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағына жұмыс істейтін азамат болсын деп, есімін Қасым-Жомарт қойдым. Ал бүгінгі сайлауда кімге дауыс бергенім құпия болсын, – деді кішкентай Қасым-Жомарттың атасы.

Нәрестенің салмағы – 4 келі 400 грамм, бойы – 55 см. Оның да, анасының да жағдайы жақсы.

Все новости