00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мырзатай Жолдасбеков: Сайлау – ел үшін үлкен мереке

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков елордадағы №138 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info

Біз бала кезімізден бері талай сайлауға қатысып жүрген адамбыз. Сайлау қай кезде де ел үшін үлкен мереке. Өйткені бұл елдің тағдырын, болашағын таңдайтын күн ғой. Біз енді осы жолы да келешегімізді таңдап отырмыз. Халық кімді сайласа, елдің болашағы да сол басшының жүргізетін саясатына байланысты болмақ. 

Президент тек  7 жыл ғана ел басқарады деген шешімді қолдаймын. Сана, ел басқарудағы іс-әрекет барлығы өзгеруі керек. Ел болашағы үшін өзгеріс жасауға жеті жыл жеткілікті. Билікке жастар керек деп жатады. Бірақ, билікке өмірден алған тәжірибесі бар, жаңаша ойлайтын адамдар керек, – деді Мырзатай Жолдасбеков.

Айта кетейік, қалалық №138 сайлау учаскесінде 2 527 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 21 сайлаушы алғаш рет дауыс береді. Ал 7 қала тұрғынынан үйден дауыс беруге өтініш түскен.

Все новости