00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ел тағдырына бейжай қарамайтын қазақстандықтардың дауыс беретініне сенімдімін – Жигули Дайрабаев

31.03.2023 | 20:21
Елорда ақпарат
32

ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін мемлекетімізде үлкен саяси доданың қорытынды күні. Мен де Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бүгін сайлауға келдім, өз таңдауымды жасадым. Сайлау кезінде жасаған таңдауым Отаным – сүйікті Қазақстанымның әрбір азаматының тұрмысының жақсаруы, халықтың бай-қуатты өмір сүруі, әлемдік қауымдастықта жоғары деңгейде орын табуына байланысты. Біздің мемлекеттің болашағы өте зор. Осындай ниетпен бүгінгі сайлауға қатыстым. Әрине ел тағдырына бей-жай қарамайтын әр қазақстандық, қоғамда өзінің жауапкершілігін түсінетін әрбір саналы азамат бүгінгі сайлауға қатысып, таңдаған кандидаттарына дауыс береріне сенімдімін, – деді Жигули Дайрабаев.

Президенттікке кандидат Ж.Дайрабаев елордадағы №396 сайлау учаскесіне барды. Оның қасында жұбайы, балалары және туыстары болды.

Все новости