00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ел тағдыры шешілетін сын сағатта сырт қалмайық – академик

31.03.2023 | 20:19
Елорда ақпарат
20

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиев сайлауға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлады Elorda.info.

Сайлау учаскелері ашыла салысымен алғашқылардың бірі болып дауыс бердім. Бұл күн біз үшін жауапты күн. Өйткені, еліміздің болашағын айқындауға, Қазақстанның гүлденуіне таңдау жасаймыз. Мен де өз таңдауымды жасадым. Балаларымыздың болашағы, еліміздің кемел келешегі үшін дауыс бердім. Сайлау учаскелеріне келген сайлаушылардың көп екендігін көріп қуандым. Бұл дегеніміз –әрқайсымыз еліміздің гүлденіп, әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына мүдделі екенімізді көрсетеді. Ендеше, ел тағдыры шешілетін сын сағатта сырт қалмай, сайлауға белсенді қатысуға шақырамын! – деді академик.

Все новости