00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Алғаш рет дауыс берген Абзал Әжіғалиевке сыйлық берілді

31.03.2023 | 20:19
Аяулым Алтынбек
21

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында орналасқан №343 сайлау учаскесінде жақында ғана шорт-тректен өткен әлем кубогі кезеңінде күміс жүлде алған Абзал Әжіғалиев өз дауысын берді, деп хабарлады Elorda.info

Мен үшін бүгінгі сайлаудың орны бөлек. Өйткені осындай сайлау науқанында алғаш рет дауыс бердім. Бұған дейін түрлі себептерге байланысты дауыс беруге қатыса алмап едім. Ел азаматтарының сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық борышын өтегені дұрыс. Бұл – әрбір қазақстандықтың жауапкершілігі. Бүгін өте жауапты күн, әрбір қазақстандық оған өз үлесін қосуы қажет, - деді спортшы. 

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғап жүрген Абзал Әжіғалиевке №343 сайлау учаскесінің төрағасы Заур Әлімжанов сыйлық табыстады.

Учаске төрағасының айтуынша, осы учаскеге тіркеулі 2 464 сайлаушының екеуі денсаулықтарына байланысты өз үйлерінде дауыс береді. Олардың мекенжайына комиссия мүшелері түстен кейін барады. Мұнда дауыс беру процесін бақылайтын 12 бақылаушы бар.

Все новости