Бұған дейін болған бірде-бір сайлаудан қалыс қалмадым – Шерзод Пулатов
![](/img/articles/uploads/63799982eb3e4865633367_f96e93e8b5.jpg)
Сайлауға қатысып, дауыс беру – әрбір азаматтың борышы. Өйткені осы бір саяси науқанда әр адамның дауысы өте маңызды. Осы түйінді жете түсінген елорда тұрғындары өздеріне қарасты дауыс беру орындарына барып, өз таңдауларын жасап жатыр. Солардың қатарында Астана қаласындағы Өзбек этномәдени орталығының төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов та бар, деп хабарлады Elorda.info.
Ол Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің ғимаратында орналасқан №108 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Еліміздің әрбір азаматы бұл саяси шараға қатысып, өз дауысын беруді мәртебелі іс деп санауы керек. Өйткені ол сайлауға қатысып, өз дауысын беру арқылы ел келешегі мен жарқын болашағын айқындайды. Өзім бұған дейін болған бірде-бір сайлаудан қалыс қалмадым. Бұл күнге отбасымызбен бірге құрметпен қараймыз. Халық үшін үлкен мереке десе де болады. Өйткені олар өзгеріс, жаңашылдық күтіп отырғаны анық. Дауыс беру – әрбір болашақты ойлайтын адамның азаматтық борышы. Бұл сайлау халықтың бірлігін көрсетеді деп ойлаймын, – деді Шерзод Пулатов.
Сайлау учаскесіне таңғы 7-ден ашылған уақыттан бастап бірінші сағатта 28 сайлаушы келіп дауыс берген. Мұнда 2 403 сайлау бюллетені әкелінген. Осы учаскеге тіркеулі 2 379 сайлаушының 38-і – 18 жасқа толғандар, яғни бірінші рет дауыс беретіндер. Мұнда 1 сайлаушы өз үйінде дауыс беруге өтініш берген. 10 байқаушы бар, оның үшеуі – ТМД елдерінен келген байқаушы.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)