00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

92 жастағы қарт анамды дауыс беруге алып келемін – астаналық тұрғын

31.03.2023 | 20:19
Елорда ақпарат
23

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесін де сайлаушылар дауыс беруге келіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

№111 сайлау учаскесінің төрағасы Жанна Тәуекелова сөз сөйлеп, алғаш болып келген сайлаушыға сыйлық табыстады.  

Құрметті бақылаушылар, сенімді өкілдер, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Президенттің кезектен тыс сайлауына байланысты Астана қаласының №111 сайлау учаскесін дауыс беруге ашық деп жариялаймын, – деді ол.

Астана қаласының тұрғыны Нұрхан Назиров та алғашқылардың бірі болып сайлауда дауыс берді. 

Сайлау – Қазақстан тұрақтылығының, позитивті дамудың негізі. Мен сайлауға әрдайым ерте келемін. Оның үстіне 92 жастағы қарт анам бар. Оны да оянған соң дауыс беруге алып келемін, – деді ол.

Все новости