00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Тоқаевтың сайлауалды сайтын 1 миллионнан астам қазақстандық қарады

31.03.2023 | 20:17
Елорда ақпарат
20

Бір айға жетпейтін уақыт ішінде миллионнан астам қазақстандық ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың toqaev2022.kz сайтымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ, сайтқа азаматтардан кандидаттың атына жолданған 10 мыңға жуық ұсыныс, бейнеөтініштер мен тілек келіп түскен.

Атап айтқанда, қазақстандықтар кандидаттың сайлауалды бағдарламасына қатысты пікірлерімен бөлісіп, өз өңірлерінің өзекті мәселелеріне назар аударған.

Бұл платформада кандидаттың өмірбаянымен, оның сайлауалды бағдарламасымен, Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің қызметімен танысуға болады. Сайт Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастарын біріктіретін электрондық алаңға айналды.

Айта кету керек, Халықтық коалиция штабының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланған материалдар жалпы 2 миллионнан астам адамды қамтыды. Онда штаб іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер туралы барлық өзекті ақпарат және басқа да үгіт материалдары жарияланды.

ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен мына сілтемені басу арқылы танысуға болады.

Все новости