00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Украинада сайлау учаскелері болмайды – СІМ

31.03.2023 | 20:08
Айман Нығмет
31

Бұл туралы брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Украинадағы жағдайға байланысты біз бұл жолы сайлау учаскелерін ашқан жоқпыз. Сондықтан, егер олар қаласа, көрші елге - Молдоваға немесе Польшаға барып, сол жерде дауыс бере алады. Бірақ бұл үшін олар елшіліктерге бюллетеньдер санын дайындау үшін баратынын алдын ала хабарлауы керек. Біздің азаматтарымыз өздері баратын туристік елдерде бюллетеньдер жеткілікті деп ойлайды. Дегенмен ол жетіспеуі мүмкін. Өткен сайлауда осындай жағдайлар болды. Мәселен, консулдық есепте шартты түрде 200 немесе 300 адам тұрады, ал бірақ сайлау күні бұдан екі не үш есе көп келеді. Яғни, адамдар өздерінің келетіндерін алдын ала хабарламайды, - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі.

Все новости