00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жигули Дайрабаевтың штабы ТМД ПА өкілдерімен жиын өткізді

31.03.2023 | 20:02
Елорда ақпарат
24

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының өкілдерімен онлайн форматта жиын өткізді, деп хабарлады Elorda.info «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына сілтеме жасап.

«Ауыл» РҚШ-ның қызметкерлерімен кездесу барысында ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары Иван Мушкет ТМД ПАА-дан 60 байқаушы ҚР Президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат науқанының барысын бақылап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, ТМД ПАА Халықаралық демократияны дамыту мониторингі институтының сарапшылары үгіт-насихат науқанының өтуі, проблемалық мәселелердің болуы туралы сұрады.

«Ауыл» ХДПП-нан ұсынылған ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков өз сөзінде бүгінде еліміздің 166 ауылдық елді мекенде және 88 қалада, оның ішінде республикалық маңызы бар 3 қала мен 17 облыс орталығында үгіт-насихат науқаны жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Все новости