Жигули Дайрабаев: Ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек
![](/img/articles/uploads/636b75c4219c0493448575_360d031ed7.jpeg)
Бүгін «Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «DANMARD» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесу барысында кандидат олармен еңбек адамының рөлін арттыру және елдегі жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі мәселелерін талқылады. «DANMARD» ЖШС әскер мен өрт сөндірушілерге киім тігеді. Кәсіпорын бүгінде өз өндірісін дамытуда және жетілдіруде. Кездесуде кандидат өзінің сайлауалды науқаны аясында еңбек адамының рөлі мен маңыздылығын арттыруға қол жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Жигули Дайрабаев сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыстардың әділ бөлінуі тиіс екеніне тоқталып, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялар тек импорттық тауарларды сатып алатынын атап өтті.
Елімізде жеңіл өнеркәсіп, онымен айналысатын жеке бөлім жоқ. Бұл үлкен қателік. Экономиканың осы саласын жандандыру және дамыту үшін ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін үлкен көлемде сатып ала алатын ҚТЖ-ның бүйрегі импортқа бұрып тұрады. Нарықтық экономиканың өз заңдылығы бар, түсінеміз, бірақ бізде отандық өнеркәсіп басымдыққа ие болуы керек. Сондықтан мен барлық қазақстандықты өз өнімдерімізді қолдауға шақырамын, – деді кандидат.
Сонымен қатар Жигули Дайрабаев өңірлерде жеңіл өнеркәсіпті дамытуды ұсынды.
Өңірлерде, әсіресе ауылдық елді мекендерде жұмыс күші мол. Ауылдарда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыта отырып, біз көптеген мәселені шешіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етер едік, – деді Жигули Дайрабаев.
Кездесу соңында кандидат қызметкерлердің өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы қойған сұрақтарына жауап берді.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)