Мейрам Қажыкен Ақтөбедегі медицина университетінде кездесу өткізді
![](/img/articles/uploads/636a2543b3cb6796269979_8896ad7807.jpg)
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбеде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері және профессор-оқытушыларымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Кандитат алғашында өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Содан соң қатысушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Олар негізінен әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жоспарларына қызығушылық танытты.
М.Қажыкен медицина қызметкерлеріне лайықты еңбекақы төлеу қажеттігін, сонымен бірге республикалық бюджет тарапынан денсаулық сақтаудың барлық саласын қаржыландыру керек екенін атап өтті.
Бұл медицина саласындағы кадрлардың жетіспеушілігіне алып келетін өзекті мәселе. Медицина қызметкерлерінің тапшылығын жою үшін, дәрігерлердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы және олардың жалақысын арттыру үшін ілкімді шаралар қажет. Бұл менің міндеттерімнің бірі. Бұл дамуды қажет ететін әлеуметтік серіктестіктің міндеті, - деді үміткер.
Сондай-ақ Мейрам Зекешұлы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл саланы елдегі ЖІӨ-нің 6% көлемде қаржыландыруды ұсынатынын мысал етті.
Ал бізде қаржыландыру ЖІӨ-нің 1,4 пайызын құрайды. Зор айырмашылық байқалады, - деді М. Қажыкен.
Болашақ мамандарды тұрғын үй сатып алу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі сияқты тақырыптар да қызықтырды.
Менің бағдарламамда жастарға ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді. Өйткені олар еліміздің болашағын құруда. Жастарға барлық жолдарды ашып, өзін-өзі дамытуға, үй сатып алуға, кәсіби каръерасын құруға барлық мүмкіндіктер қарастыруымыз қажет. Өйткені, адам әлеуметтік мәселелерге қаншалықты аз көңіл бөлсе, соғұрлым ол жұмысқа және өзінің кәсібилігін арттыруға көп көңіл бөледі. Бұл жалпы ел экономикасына әсер етеді, - деді ол.
Кездесу соңында М.Қажыкен Ақтөбеде сайлаушылардың сұрақтары мен тілектерін қабылдайтын штаб жұмыс істейтінін айтты. Сенім білдірілген адамдар кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы туралы толығырақ айтып, оның атына азаматтардың өтініштерін қабылдай алады.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)