Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен ақтөбелік қызметкерлермен кездесті
![](/img/articles/uploads/6368e904a80a2960412658_126d14b49e.jpg)
Ақтөбеде ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен "СтройДеталь" ЖШС қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыру барысында, әлеуметтік әріптестік институтын дамытудың, тәуелсіз кәсіподақтар мәртебесін көтерудің, экономика мен еңбекақы төлеу жүйесін реформалаудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, қазірде кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, олардың 90% – кәсіподақта. Осыған байланысты кандидат еңбекшілердің мүдделерін қорғайтын ұйымдардың мәртебесін көтеруге және жалақыны есептеуге баса назар аударды.
«Біз бәріміз жоғары табыс алғымыз келеді. Бұл біз үшін кіріс болса, жұмыс беруші үшін шығындар. Сондықтан жалақы қандай болуы керек, оны қалай көбейтуге болатынын талқылау керек. Бұл мәселені салалық деңгейде шешу қажет. Ол үшін қызметкерлер өз құқықтарын қорғау мақсатында кәсіпкерлер және жұмыс берушілермен бірлесіп еңбекақы төлеу жүйесін әзірлейтін салалық кәсіподақтарға сеніп тапсыруы тиіс», - деп атап өтті М.Қажыкен.
Кандидат «кәсіподақтар арасынан ұсынылдым, демек, барлық жұмысшылар көтерген мәселелерді шешуге байланысты жауапкершілік арқалаймын» деді.
Кәсіпорын қызметкерлері М.Қажыкеннен партияға қатыстылығы туралы сұрады.
«Мен көптен бері ешқандай партияда болмадым. Жас кезімде комсомолға, содан кейін компартияға қосылдым, бірақ онда қысқа мерзім болды. Ал қазір ешқандай партияның мүддесін қорғамаймын», - деді ол.
Әлеуметтік тақырыптар туралы айта отырып, үміткер сапалы және қолжетімді білім беруді, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды және әлеуметтік жағдайы жоқ отбасыларға тұрғын үй беруді жақтады.
Кәсіпорын қызметкерлерінен Қазақстанның сыртқы саясаты туралы мәселе көтерілді.
«Қазір айнала тыныш емес. Мұны мойындау керек. Қазақстан экономикалық жағынан да, саяси және әскери жағынан да мықты ел болуы тиіс», - деп жауап берді М.Қажыкен.
Үміткерді шығарып сала отырып, зауыт қызметкерлері оған табыс тіледі.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)