00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Батыс Қазақстандағы сайлауалды штабта болды

31.03.2023 | 19:54
Елорда ақпарат
25

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабқа барды, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара барысында кандидат қала активімен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі қаулылары жөнінде баяндап берді.

Атап айтқанда, мемлекетте саяси реформаларды жүргізу қажеттілігіне тоқталды. Қазақстан алдында тұрған басты мәселе – парламенттік-президенттік республика құру.

Кандидаттың пікірінше, біз билік бір адамның қолына шоғырланатын президенттік басқару үлгісінен бас тартуымыз қажет. Үкімет адал, бәсекелес бизнестің дамуына мүмкіндік бермейтін олигархтарды емес, халықтың мүддесін қорғауы тиіс.

Одан бөлек, жемқорлықпен күресті күшейту керек: парақорларға қатысты максималды жаза орнатып, мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет.

Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, жемқорлықты жеңіп, мемлекеттің басқару жүйесін ауыстыру арқылы ғана елдің экономикалық гүлдеуіне қол жеткізуге болады.

Все новости