00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Нұрлан Әуесбаев сайлауалды үгіт-насихаттың аралық нәтижелері жөнінде тікелей эфирде баяндады

31.03.2023 | 19:52
Айман Нығмет
17

Бүгін ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев сайлауалды үгіт-насихаттың аралық нәтижелері жөнінде тікелей эфирде баяндап берді. Сонымен бірге кеше Астанада тығыз құрылысқа қарсы өткізілген митинг қорытындыларымен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

Президенттікке кандидат атап өткендей, 2 апта ішінде сайлауалды штаб бірқатар іс-шара атқарған. Оның ішінде өңірлерге, атап айтқанда, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола облыстарына, Шымкент және Алматы қалаларына сапармен барған. Одан бөлек бірқатар ауыл тұрғындарымен кездесу өткізген. 

Аймақтық сайлауалды штабтармен еліміз бойынша 30-дан астам үгіт-насихат шаралары жүзеге асырылған. 

5 қарашада ЖСДП-дан кандидат Республикалық сайлауалды штаб ұйымдастыруымен өткен тығыз құрылысқа қарсы митингіге қатысты. Іс-шара Пушкин және Ш.Құдайбердіұлы көшелері қиылысында орналасқан саябақ аумағында өтті. 

Митингіге 50-ге жуық адам: партия белсенділері, сонымен бірге қала тұрғындары қатысты. 

Митинг қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Құжатта ЖСДП тұрғын үйлермен қатар балабақша, мектеп, аурухана, саябақтардың құрылысын міндеттейді. 

Резолюцияда сонымен қатар экология, қажетті инфрақұрылым құрылысы, салынатын үйлердің сапасын арттыру қажеттілігі мәселелері көтеріледі.

Все новости