Салтанат Тұрсынбекова Алматыда Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды
![](/img/articles/uploads/6367892df05ac937411420_ed70a5d5c6.jpg)
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қойып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды, деп хабарлады Elorda.info.
Ол желтоқсаншылардың ерлігінің арқасында бүгінде барша қазақстандықтардың ұлттық қадір-қасиеті мен құндылықтарын сақтай отырып, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанын атап өтті.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болғанына 31 жыл болды. Ол үшін талай қиындықты басынан өткерген халқымыз үшін Тәуелсіздік – ең асыл қазына. Тәуелсіздік – біздің орындалған арманымыз, бұл ең алдымен қазақ халқының азаттыққа ұмтылған ерлігінің жемісі, – деді кандидат.
«Тәуелсіздік таңы» монументі 2006 жылы 18 қыркүйекте Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу мақсатында ашылған. Жобаның сәулетшісі әрі дизайнері – Тимур Сүлейменов. Ескерткіш ұлттық сананың өсуін және азаттықтың салтанат құруын бейнелейтін екі тіреуіштен тұрады. Композицияның ортасында тұрған қыз еркіндік символын білдіреді. Оң қолындағы орамал – адамдарды татулыққа шақыратын символ, сол қолында – бейбітшілік пен татулықтың символы, еркіндікке деген ұмтылысты бейнелейтін көгершін орнатылған.
Еске салайық, Салтанат Тұрсынбекова Алматыда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтармен, зияткерлік меншікті қорғау тақырыбын қозғап қалалық құқық қорғаушылармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен, сондай-ақ «Родник» дағдарыс орталығының басшысымен түрлі кездесулер өткізді.
Алматы – кандидаттың сайлау алдындағы үгіт-насихат сапарымен барған алтыншы өңірі. Құқық қорғаушы бұған дейін елордада, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында болған.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)