00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сайлауда сіздің дауысыңыз маңызды — академик

31.03.2023 | 19:51
Айман Нығмет
33

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиев президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Жуырда елімізде президенттік сайлау өтеді.  Біз мемлекетіміздің өркендеуіне, балаларымыздың болашағы үшін дауыс береміз. Әділетті Қазақстан қалыптастыруға атсалысамыз. Әділеттілік заңдар салтанат құрғанда ғана іске асатыны белгілі. Сондықтан да биыл өткен Референдумда конституциялық реформаларды қолдап дауыс бердік.

Саяси науқанның заңды жалғасы ретінде Президент сайлауына бір кісідей қатысып, өз таңдауымызды жасау - баршамыздың парызымыз. 

Ендеше, 20 қарашада сайлау учаскелерінен табылып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын, - деді академик.

Все новости