00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен медицина қызметкерлерімен кездесті

31.03.2023 | 19:46
Елорда ақпарат
42

Ел Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің өңірлердегі үгіт насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін үміткер Өскемен қаласына барып, Шығыс Қазақстан ауруханасының диагностикалық орталығының медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info. 

Кандидат жиналғандарға өзі және өзінің сайлауалды бағдарламасы жайлы айтып берді. Содан соң ақ халаттылар да өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Пікір алмасу әсіресе еңбекақыны арттыру, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру, әлеуметтік төлемдер секілді тақырыптармен өрбіді.

Дамыған елдерде медицина саласына деген көзқарас өзгеше. Оларда бұл саланы қаржыландыру ЖІӨ-нің 6%-ын құрайды. Ал бізде 1,5%. Бұл 4 есе төмен деген сөз. Біздің медицина әсіресе мемлекеттік қаржыландыру есебінен жұмыс істейтін ұйымдар қаржыландырылмайды. Ал қаржыландыру медициналық мекеменің барлық шығындарын өтеуге жеткілікті болуы тиіс. Негізінде денсаулық сақтау саласына реформалар жүргізу өте күрделі процесс. Бірақ  кадрлар даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу және т.б. бағыттарда нәтижеге жете аламыз. Медицина бағыты дамусыз, тасада қалмау керек. Бұл күрделі де жауапкершілікті міндет. Бірақ мен бұл міндетімді абыроймен ақтаймын, - деп атап өтті М.Қажыкен.

Мемлекеттік қаржыландырумен қоса, ерікті медициналық сақтандыру жүйесін дамыту қажет.

Мейрам Қажыкен өз сөзі барысында  жалақының ұлттық жүйесі жайына да тоқталды.  Үміткер бұл бағыт әліде өзекті екенін айтып өтті. Өйткені көпшілік үшін бұл "жұмбақ" болып келеді.  

Қазіргі жалақы жүйесі өте күрделі. Қанша алатыныңызды түсіну үшін бір нәрсені бөліп, көбейту керек. Олай дұрыс емес. Жалақы жүйесі бәріне түсінікті және қарапайым болу керек. Сондай-ақ өз еңбегіңізге лайықты ақы төлену тиіс. Және ол қаражат сіздің бар шығыныңызға, қажетіңізді сатып алуға, тіпті саяхаттауға да жетуі керек. Бұл сөзге көптеген адамдар күмәнмен қарайтынын білемін. Бірақ бұл жетуге болатын және жететін нәтиже. Егер нәтижесін болса бұл мәселені көтермес едім, – деді кандидат.

Айта кетейік кандидат өз бағдарламасында медициналық персоналдың тапшылығын жоюды, дәрігерлердің әлеуметтік әлеуетін арттыруды, олардың жалақысын ұлғайтуды, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесін, еңбек жағдайларын жақсартуға басымдық береді.

Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті кәсіподақ басшысы кандидатқа алға қойған мақсаттарына қол жеткізіңіз деп  табыс тіледі.

Все новости