00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Тоқаевтың сайлауалды штабы: өңірлердегі кездесулер Абай облысынан басталды

31.03.2023 | 19:38
Елорда ақпарат
39

Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сайлаушылармен үгіт-насихат кездесулері басталды. Өңірлердегі кездесулер Абай облысынан бастау алды, деп хабарлады Elorda.info Халықтық коалицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, облыстың ақсақалдарымен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды.  Әсіресе, мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді.

Бұдан соң, Абай облысының жұртшылығымен өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған шаралар талқыланды. Кездесуге 300-ден астам адам қатысты.

Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов халқымыз Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасуы тиіс екенін атап өтті.

Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Бір сөзбен айтқанда, ел мүддесі де, ер мүддесі де бір жерден шығып отыр, – деді ол.

Әлихан Бөкейханов атындағы университетте жастармен кездесу өтті. Жиында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүйелі түрде жүзеге асатынын атап өтті.

Осы күні РҚШ мүшелері «Семей Цемент» АҚ-ға барып, кәсіпорынның еңбек ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы түсіндірді.

Все новости