Қарақат Әбден перзентхана қызметкерлерімен кездесті
![](/img/articles/uploads/635b9c606b756560598510_0f0f19d6f9.jpg)
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Павлодар облысына барды. Бүгін үміткер Екібастұз қалалық ауруханасы жанындағы перзентханада жас аналармен және медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, ақ халатты абзал жандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Сайлауалды бағдарламамның әлеуметтік бағдары басым болғандықтан, онда денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінген. Әсіресе ана мен сәби өлімінің алдын алу, сирек, яғни орфандық аурулары бар балаларға көмек көрсету, денсаулық сақтау саласын дамыту басты назарда болмақ, - деді үміткер.
Сайлаушылар Қарақат Әбденнің ұсынған бағдарламасы ана мен бала денсаулығын жақсартуға, дәрігерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді. Жиыннан кейін Қарақат Әбден перзентхананың бас дәрігерімен бірге жас аналар мен сәбилердің жағдайын білу үшін перзентхана палаталарын аралады.
Үміткердің Екібастұз қаласындағы сенімді өкілі Анар Айдарханова мәлімдегендей, қалада Қ.Әбденнің сайлауалды штабы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша жұмыс істеп жатыр.
Еске салсақ, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды және Астана қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Алдағы уақытта оның Павлодар, Абай және Алматы облысының сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)